Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығарып жатыр. Биылғы жылы облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Осы орайда жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы қарбыз, 58 мың тоннасы қауын екенін айта кеткен жөн.Аграрлы аймақ диқандары қазіргі таңда жиналған бақша дақылдарын жергілікті сауда орындарынан бөлек, еліміздің өзге аймақтары мен шет елдерге экспортқа шығарып жатыр. Мәселен, Ресейге 35 мың тонна қарбыз, 16 мың тонна қауын жіберілген. Бұдан бөлек Беларусь еліне 481 тонна қауын-қарбыз жіберіліп, сонда саудаланған. Сонымен қатар, оңтүстіктің қауын, қарбыздары Балтика жағалауындағы елдерге де жөнелтіліп отыр. Мәселен, Латвияға 127 тонна қауын эспортталғанын айта кеткен жөн. Түстіктің диқандары еліміздің солтүстік, шығыс пен батыс өңірлерін де қауын мен қарбызбен қамтамасыз етіп отыр. Яғни, ішкі нарықтың да сұранысын қамти алады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы […]
Оңтүстікқазақстандықтар латын қарпіне көшуді қолдайды!
Оңтүстік Қазақстан облысы ҚХА төрағасының орынбасарлары облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили, Қазақстандағы өзбектер қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының жетекшісі Икрамжан Хашимжанов, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі […]
ОҚО-да ауылшаруашылығын экономиканың драйверіне айналдыру көзделіп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, осы жылы өңірдегі егістік көлемі 792,5 мың ггектарға жеткізілгенін айту қажет. Ал, интенсивті бау аумағы ағымдағы жылы 1 500 гектарға ұлғайтылды. […]
Пікір қалдыру