ОҚО диқандары Ресейге 51 мың тонна қауын-қарбыз экспорттаған

Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығарып жатыр. Биылғы жылы облыс бойынша  57 мың  гектар жерге  қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Осы орайда жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы  қарбыз,  58 мың тоннасы қауын екенін айта кеткен жөн.Аграрлы аймақ диқандары қазіргі таңда жиналған бақша дақылдарын жергілікті сауда орындарынан бөлек, еліміздің өзге аймақтары мен  шет елдерге экспортқа шығарып жатыр.  Мәселен, Ресейге 35 мың тонна қарбыз, 16 мың тонна қауын жіберілген. Бұдан бөлек Беларусь еліне  481 тонна қауын-қарбыз жіберіліп, сонда саудаланған. Сонымен қатар, оңтүстіктің қауын, қарбыздары Балтика жағалауындағы елдерге де жөнелтіліп отыр. Мәселен, Латвияға 127  тонна қауын эспортталғанын айта кеткен жөн. Түстіктің диқандары еліміздің солтүстік, шығыс пен батыс өңірлерін де қауын мен қарбызбен қамтамасыз етіп отыр. Яғни,  ішкі нарықтың да сұранысын қамти алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*