Шымкенттік балақайлар «Астананың» туған күнін атап өтті

2011 жылы Алматы зообағынан 14 айлық керік Шымкент қаласындағы зообаққа жеткізілген болатын. Оның туған күні мерекелі күнмен сәйкес келгендіктен бас қаланың құрметіне орай есімін «Астана» деп атаған еді.Балақайлар зообаққа барып, жануарлар әлемін тамашалағанда «Астана» атты керіктің де жай-күйімен танысып қайтады. Биыл керік 7 жасқа толғанын айта кеткен жөн. Бұл күні, яғни 6-шы шілде, ең жас қалалықтар үшін қала әкімдігі Шымкент зообағында үлкен мерекелік бағдарлама әзірлеп, балақайлар керікпен бірге оның туған күнін тойлады. Айта кетейік, зообақтағы ашық есік күні таңертеңнен 14:00-ге дейін жалғасады.
Шымкент қаласындағы барлық балалар үшін аниматорлар өнер көрсетеді. Сонымен қатар, балақайлар театрландырылған шоу, концерттік бағдарлама және Астана қаласы туралы фильмдерді тамашалады. Бұған қоса, олар үшін зообақтағы ең қызықты шара 7 жасар Астана атты керіктің туған күніне арналған мерекелік құттықтау сәті болағанын да айт кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*