Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің Сенатына депутат болып өңірімізден жақында сайланған Әлімжан Құртаев қатысты. Саладағы жұмыстардың атқарылу барысын баяндаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың мәліметінше, 2017 жылы өңірде құрылысы жоспарланған 196 нысанның 121-ін пайдалануға тапсыру көзделсе, қалғаны келер жылға өтпелі екен. Ел игілігіне берілетін нысандардың 29-ы білім беру нысаны болса, 34-і денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 3-уі мәдениет саласына байланысты, ал 42 нысан 61 тұрғын үй ғимараттарына жатады. Сонымен бірге, 8 объекті инженерлік инфрақұрылымға, 1 нысан моноқалаға, 1-уі ауыл шаруашылығы, 1-уі абаттандыру саласына қатысты және 1-уі қоршаған ортаны қорғау нысандарына жататын ғимараттар болып табылады. Ал жыл басынан бері осы 121 нысанның 15-і қолданысқа берілген. Олардың 5 нысаны білім беру объектісі, 4-уі денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 1-уі тұрғын үй болса, 1-уі қоршаған ортаны қорғау және 3-уі инженерлік-коммуникациялық нысандар.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ОҚО-ның 425 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізеді
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы 101 елді мекеннің 425 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізетін болады. Ол үшін биыл 59 электр энергиясымен қамтамасыз ету нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық бюджет […]
Қызылсудан да қайыр бар
Егер көктем кезінде арнасы кезеріп, қуарып тартылып жатқан өзендерге мол су келсе, бұл құттың басы деп есептей беріңіз. Бұл арадағы бүгінгі басты мақсат – тегін ырыс пен ылғал көзін зая кетірмей – оны ел игілігіне […]
ОҚО тұрғыны өз қолымен үш бірдей ұшақ құрастырған
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Спатаев ауылының тұрғыны Сансызбай Оспанов өз қолымен үш бірдей ұшақ құрастырған деп жазады el.kz сайты. Сонау 1980 және 1988 жылдар аралығында екі ұшақты қолдан жинап шығарған екен. Оның алғашқысын Украинадан арнайы келген […]
Пікір қалдыру