Бүгін Отырар аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін арнайы тамашалау үшін сапарға аттанды. Әлемнің жүзден аса мемлекеттері қызу атсалысып жатқан шараны тамашалау мақсатымен жолға шыққан халық қалаулыларына өздерінің ниеттестігін, тілектестігін білдірген отырарлық ағайындар жерлестерін зор құрметпен Елордаға шығарып салды. Бұл күні Отырар ауданының өнерпаздары ән-күйден шашу шашып көпшілік көңілін көтерсе, осы шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов депутаттарға ақ жол тіледі. Сонымен қатар, астаналықтарға отырарлық ағайындардың ыстық сәлемін жеткізуді тапсырды. Астанадан оралған соң дүниежүзін тамсандырып, таңдандырып жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ғажайыптарымен және алған әсерлерімен аудан тұрғындарымен бөлісудің маңыздылығына тоқтала кеткенін айта кеткен жөн. Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сатыбалды Жаңабай Елордаға жол тартқан жерлестерімізге ізгі ниетін білдіріп, ақ жол тілеп, ақ батасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда жылуға жауаптылардың есебі тыңдалды
Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарына әр мекеме басшылары мен ауыл […]
Қала жастары Отырар ауданына барып күбі пісіп, самаурын қайнатудан жарысты
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Отырар ауданындағы индустриялды аймақты аралады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаевтың Отырар ауданындағы жұмыс сапары Темір ауылындағы индустриалды аймақта жалғасты. Мұнда депутат жүгері өңдеу, сақтау және кептіру кешенінің жұмысымен танысты. 2016 жылы іске қосылған аталмыш кешен жылына қуаттылығы 10 мың […]
Пікір қалдыру