Бүгін оңтүстікқазақстандық 500 оқушы Елорда төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға Шымкент қаласынан Астанаға жолға шықты. Балаларды Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығы алаңынан өңір басшысының орынбасары Бауыржан Жамалов пен ата-аналары, ұстаздары мен достары ақ жол тілеп шығарып салды. Демеушілердің қолдауымен қолға алынған игі іс аясында балалар көрмені аралап, бас қаланың көрікті жерлерін тамашаламақ. «ЭКСПО-2017 көрмесі сіздерге ерекше әсер қалдыратынына сенім мол. Барша қазақстандықтардың мақтанышына айналған көрмені жақсылап тамашалап, жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл күймен келулеріңізге тілектеспін. Осы сапарларыңызға демеушілік танытып, жаңашырлық білдірген барша азаматтарға алғысымыз шексіз»,- деді Бауыржан Сардарұлы.Астанаға жолға шыққан топ құрамында жетім балалар мен көп балалы отбасылардан шыққан және әлеуметтік топтағы балалар бар. Балаларға облыстық білім басқармасымен бірге 42 жетекші 10 дəрігер маман бекітілген. Ал, Астанаға жеткен соң, оқушылар «ЭКСПО» қалашығындағы жатақханаға жайғасады. Ас мәзірі де аталған жатақхана асханасында үлестірілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ның Астанада өткізген бизнес-форумында 6 меморандумға қол қойылды
Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форум.болып өтті.Форум жұмысына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев бастаған даму институттары мен […]
Астанада ЭКСПО қонақтарына Оңтүстіктің ұлттық сусындары мен жеміс-жидектері тегін таратылды
Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy»-ның екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – […]
ОҚО әкімдігі баламалы энергияны өндіруде түрлі жобаларды жүзеге асырмақ
Оңтүстік Қазақстанның тау, өзендерінің мол әлеуетін ескерген тараптар алғашқы жоба аяқталған соң да әрі қарай бірге жұмыс істеп, ОҚО әкімдігінің қолдауымен шағын су энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» […]
Пікір қалдыру