ОҚО-дан Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесін осы күнге дейін 30 мыңнан астам адам тамашалаған

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені Оңтүстік Қазақстан облысынан күн сайын түрлі топтағы азаматтар аттанып, елордадағы әлемдік маңызды шараның куәсі болып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 30 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық көрмені тамашалап үлгерген.  Оның ішінде 2 мыңға жуығы мектеп шәкірттері.  Ал, Астанаға барып қайтқан оқушылар халықаралық маңызды шараның куәсі болғанына ерекше қуанып, айрықша әсер алып қайтуда. Бұл өз елінің болашақ патриоттары үшін үлкен қолдау, көмек болуда.      Бұған дейін EXPO-2017 халықаралық көрмесін тамашалау үшін өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан және білімі мен өнегелі тәрбиесі үшін оқушыларға мемлекет және демеушілер есебінен 3750 оқушыға жолдама берілген болатын.

         Бүгінгі күнге дейін жолдама алған балалардың 2250-і айтулы көрмені тамашалап қайтқан болса, қалған 1500 оқушы ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін Елордамызға барып, мәдени шараны көзбен көрмек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*