Оңтүстікқазақстандық 500 оқушы ЭКСПО көрмесіне аттанды

 Бүгін оңтүстікқазақстандық 500 оқушы Елорда төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға Шымкент қаласынан Астанаға жолға шықты.   Балаларды Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығы алаңынан өңір басшысының орынбасары Бауыржан Жамалов пен ата-аналары, ұстаздары мен достары ақ жол тілеп шығарып салды. Демеушілердің қолдауымен қолға алынған игі іс аясында балалар көрмені аралап, бас қаланың көрікті жерлерін тамашаламақ.   «ЭКСПО-2017 көрмесі сіздерге ерекше әсер қалдыратынына сенім мол. Барша қазақстандықтардың мақтанышына айналған көрмені жақсылап тамашалап, жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл күймен келулеріңізге тілектеспін. Осы сапарларыңызға демеушілік танытып, жаңашырлық білдірген барша азаматтарға алғысымыз шексіз»,- деді Бауыржан Сардарұлы.Астанаға жолға шыққан топ құрамында жетім балалар мен көп балалы отбасылардан шыққан және әлеуметтік топтағы балалар бар. Балаларға облыстық білім басқармасымен бірге 42 жетекші 10 дəрігер маман бекітілген. Ал, Астанаға жеткен соң, оқушылар «ЭКСПО» қалашығындағы жатақханаға жайғасады. Ас мәзірі де аталған жатақхана асханасында үлестірілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*