ОҚО-да жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017-2021 жылдары 60 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, министрлік тарапынан қолға алынып отырған бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.«Бұл күндері министрлік делегациясы үлкен жұмыс көлемін атқарды. Тамара Қасымқызымен келісемін, азаматтарды тіркеу, деректерді жандандыру іс-әрекеттерін жылдың соңғы күніне дейін созудың қажеті жоқ. Жауапты мемлекеттік органдар барлық азаматтарды қамти алғаны жөн», — деп түйді өз кезегінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

 Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы 64314 адамды қамту жоспарланып, жалпы 11,4 млрд теңге бөлінді. 2017 жылдың 1 тамызына 49,6 мың адам қамтылып, жылдық жоспардың 77% орындалған.

Бұдан бөлек, жыл сайын әлеуметтік қолдау шаралары аясында 7,8 мың зейнеткер мен мүгедекке ардагерлер үйінде оңалту және сауықтыру көмегі жасалған.  Оның үстіне жыл аяғына дейін мүмкіндігі шектеулі 67 мыңға жуық адам әлеуметтік оңалту қызметтерімен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілетіні жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*