Оңтүстік Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Марғұлан Марайым, Шымкент қаласы бойынша 1992 көпқабатты тұрғын үйдің 293-ін әділет органдарына тіркеуді қадағалап, ұйымдастыру жұмыстарын басшылыққа алуды ұсынды. «Көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында пәтер иелерінің келісімімен кондоминиум объектісінің басқару органы немесе пәтер иелерінің кооперативтері құрылуы қажет. Бүгінгі күнге 1120 үйге 17 басқарушы компаниялар қызмет көрсетуде. Бұл әлі де аз. Сондықтан осы саладағы жұмыстарды жандандыру керек. Сондай-ақ қаланың қысқы жылыту маусымына даярлығына әзірден бастап кіріскен абзал», — деді облыс әкімі Ж. Түймебаев.Жиын барысында тұрғын үй, санитарлық тазалық, көріктендіру, табиғи газ пайдалану, сапалы электр энергиясы, ауыз су, канализация, жылумен қамтамасыз етудегі жұмыстардың барысы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғын үйлерді күтіп ұстау үшін сервистік және басқару компанияларын құру жайы да сөз болды. Жыл басында қалада бар жоғы 9 сервистік компаниялар болса, бүгінгі күнге олардың саны 17 жетіп, 1120 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТ: INTELLECT» ЛИЦЕЙІНДЕ «ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ» АТТЫ ДЕФИЛЕ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласындағы «Intellect» физика-математикалық лицейінде «Балалар жылы»-на орай «Әсемдік әлемі» атты дефиле өтті. Бұл іс-шарада оқушылардың қолөнер және тігін саласындағы еңбектері кеңінен насихатталды. Аталған кештің мақсаты – ұлттық киімдерді насихаттай отырып, оны күнделікті өмірде […]
ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕН КЕЛГЕН АЛҒАШҚЫ РЕЙСТІ ҚАБЫЛДАДЫ
29 наурызда Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет Парижден жүк ұшағы қонды. Әуежай басшылығы экипажды қабылдауды жан-жақты қамтамасыз етті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Париж-Шымкент-Хайнань бағыты бойынша жүретін әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines»Француз […]
Шымкенттегі №2 колледж нағыз қоғамға қажетті мамандарды даярлап жатыр
Шымкентте не көп колледж көп. Күнделікті оқу ғимараттарының жанынан өтіп жүрсек те көп мән бере бермейді екенбіз. Бүгін сол кәсіптік бағытта білім беретін №2 колледжге жол түсті. “Кәсібім-мақтанышым” атты колледж студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесімен танысып […]
Пікір қалдыру