Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алып, Мақтаарал ауданындағы Асықата кенті әкімдігінен қолдау тауып 2017 жылдың 13 шілдесі күні «AR — MED» медицина орталығының ашылды.Жеке кәсіпкер Арынбаев Нурлан өз қаражатымен Асықата кенті Казыбек би көшесінен медицина орталығын халыққа пайдалануына беріп отыр. Тіс емханасының салтанатты ашылуына келушілердің қарасы қалың болды. Халыққа осындай пайдалы әлеуметтік медициналық орталықтың ашылғандығына жергілікті тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлап отыр. Себебі, осы мекемеде көрсетілетін медициналық емдеулер алу үшін ұзаққа бармай-ақ, тұрғылықты жерде де ем қабылдауға болады. Денсаулық сақтау мекемесінің ашылуына орай, жергілікті халық жеке кәсіпкерге алғыстарын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Тұрғындар бұл бастамас басқа да кәсіпкерлерге үлгі болса дейді. Олар кәсіпкерлерді аймақта әлеуметтік нысандарды көптеп ашуға шақырды. Қазіргі таңда, медицина орталығы 12 адамды жұмыспен қамтып, халыққа қызмет көрсетіп бастағанын айта кетейік.
Ұқсас жаңалықтар
МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БОЛЫП ӨТТІ
23-маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай, Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі болып өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметкер болғысы келетін аудан жастары қатысты.Мақтарал ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрбол […]
Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни […]
Мақтааралдық ұстаздар сый-сияпатқа ие болды
Мақтарал ауданында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Мерекеге аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, […]
Пікір қалдыру