Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері облыс тұрғындарына жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бүгінге дейін компания 48,8 млрд. теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған. Нәтежиесі де жаман емес. Осының арқасында күні бүгінге дейін облысымыздағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған.Ал, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе отырып, жыл басынан бері 4,9 млрд. теңгені құрайтын 1 903 жобаны қаржыландырып үлгерген. Жүзеге асырылған жобалар нәтижесінде 3 994 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Қаржыландырылған жобалардың 56,3 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Аталған бағытта 2,75 млрд. теңгені құрайтын 941 жоба қаржылай қолдау тауып отыр. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 1,7 млрд. теңгеге 894 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 148,2 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылып, 128,2 млн. теңгені құрайтын 7 ауыл шаруашылық техникасы лизингке берілген.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттегі қос индустриялды аймақ қала экономикасына серпін беруде
Экономиканың өркендеуінде өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің дамуы негізгі рөл атқарады. Шымкентте өңір өнеркәсібін дамытып жатқан екі индустриялық аймақ бар. Олар «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялды аймағы. Олардың бүгінгі таңда қала экономикасы мен бюджетіне әсері зор болып отыр. […]
Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Шымкент қаласында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде жыл басынан бері 58 968 бас ірі қара мал бүркітілген. Сонымен қатар Шымшахардағы 8 500 бас уақ мал тоғытылған. Үздіксіз жүргізіліп жатқан залалсыздандыру […]
ОҚО-да «RIC ON KO’RME» атты апталық жәрмеңке бастау алды
Оңтүстік Қазақстанда «RIC ON KO’RME» атты апталық жәрмеңке бастау алды. Алғаш рет ұйымдастырлып отырған жобаға «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы мұрындық болып отыр. Отандық өнімді қолдау және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған шараның салтанатты […]
Пікір қалдыру