Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 683 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 92 мың 291 адамға артқан. Туристерден түскен табыс 1 млрд. 496,5 млн. теңгені құрапты. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті. Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр.«Қазір «Көне Түркістан» концепциясының алғашқы кезеңін іске асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 129 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сатып алу шаралары заң талаптарына сай іске асырылатын болады. Бұл жобаның жалпы құны шамамен — 7 850,6 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде – 1 290 млн. теңге 129 үйді сатып алуға, 800,0 млн. теңге инфрақұрылымға қаралған», — деді Әліпбек Шәріпбекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық диқандар 35 сотық жылыжайдан 40 тоннаға жуық қияр алды
Оңтүстік Қазақстан облысның әкімі Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылдық округіндегі жыл басында іске қосылған «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжайында болды. Ерғали Жолдасбеков басшылық жасайтын жылыжай көлемі 0,35 гектарды құрайды. Заман талаптарына сай соңғы үлгідегі Кореялық құрылғымен […]
Шымкент республикалық бюджетке 6 жарым миллиардқа жуық қаржыны қайтарады
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен бюджеттік тәртіпті күшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Қала басшысы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлаудағы […]
«Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің қазылық құрамы брифинг берді
Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне Түркістан шаһарында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер […]
Пікір қалдыру