Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бес институционалдық реформасының 80-қадамында міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесін енгізуді тапсырғаны естеріңізде болар!? Елбасымыздың реформасын жүзеге асыру мақсатында Отырар ауданында мемлекет жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен қаржыландыру мәселелерін насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді.Осыған орай, осындай келелі жиындардың бірі Талапты ауылы мен Қарғалы елдімекенінде, Қоғам ауылында, Отырар ауыл округтерінде жалғасын тапты. Отырар ауданы әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов бастаған насихаттық топ тұрғындармен кездесудеөткізіп, реформа аясында жүзеге асырылып отырған МӘМС-ды еңгізудің тиімділігі жөнінде тәптіштеп айтып берді. Сонымен қатар, заңнамалардағы өзгерістерге байланысты жан-жақты түсіндірме беріп өткенін де айта кеткен жөн. Мұнан өзге ауыл тұрғындарының көкейлерінде көптен жүрген түрлі сауалдарына да жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарлықтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай ауданның инфроқұрылымын жөндеп жатыр
Биыл Елордамыза өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне әлем назары ауып отыр. Осыған орай, көрме қарсаңында шет елдік туристер мен мәртебелі меймандар Отырар ауданына да ат басын бұрады деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда туристік аймаққа жататын ауданымызда […]
Отырар ауданында жастар арасындағы құқық бұзушылық пен жұмыссыздық мәселесі жөнінде жиын өтті
Отырар ауданында талапты ауыл округі «Көкмардан» мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісі болып өтті. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов ашып, жүргізіп отырды. Кеңесте аудан жастары арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын […]
Отырарда ауданның әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері кеңінен талқыға түскен келелі жиын өтті
Отырар ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны болып өтті. Күн тәртібінде өзекті деген төрт мәселе қаралды. Мәжіліс төрағасы, аудан әкімі Ерлан Айтаханов бірінші болып ауданның әлеуметтік экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы және жергілікті өзін – […]
Пікір қалдыру