Шардара ауданында өткен жер реформасы жөніндегі мәжіліс барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов жер кодексіндегі өзгерістер мен оны тиімді пайдалану жөнінде көпшіліктің пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, жиынға қатысушылардан қойылған түрлі сауалдарға жауаптар қайтарды.Сондай-ақ, Достық ауылының әкімі Толыс Батыршаев, Шардара қаласы әкімінің орынбасары Бөгенбай Сүйет, Шардара аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тұшымды жауаптар алғанында айта кеткен жөн. Күн тәртібіндегі «Шардара ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған және жер реформасын түсіндіру бойынша атқарып отырған жұмыстары туралы» аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай баяндама жасады. Мұнан соң облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Тілеген, облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Мырзаев және басқа да сала мамандары қосымша баяндама жасады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 364 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Оңтүстік Қазақстан облысында кадастрлық құны 603 814 600 теңгені құрайтын 364,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған жер учаскелеріне жүргізілген тексеру жұмыстарының арқасында қол жеткізіліп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз […]
Елдікті жырлаған «Ақ әжелер»
Шардара ауданында құрылған «Ақ әжелер» ансамблін облыс жұртшылығы бүгінде жақсы біледі. Өйткені, олар Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен әжелер байқауының облыстық сайысында бас жүлдені талассыз жеңіп алған болатын. Қазіргі таңда, шардаралық әнші аналардың өнеріне […]
ОҚО әкімі өңірдегі мектеп құрылысы мәселесін май шаммен қарады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңірдегі аудан, қалаларда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы кеңінен талқыланды. Оған өзіндік себеп бар. Өйткені, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтің айтуынша Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандары мен Шымкент қаласындағы мектеп құрылысында […]
Пікір қалдыру