Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлы, тілшілермен болған кездесуде, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жайында сөз етті. Яғни, камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 миллиард 386 миллион теңге өндірілгенін айта кеткен жөн. Мұны өткен 2016 жылдың 6 айымен салыстырсақ, 6 миллиард теңгеге көп деген сөз. Осынау жалпы түсімнен жергілікті бюджетке 4 млрд. 747 млн. тң. түсіп, жалпы түсімдердің 8 пайыздан астамын құрапты.Анықтама ретінде тарқатып айтсақ, салықтық тексеруден 5,7 млрд. тң., камералдық бақылау нәтижесінде 1,7 млрд. тң., кедендік құнды түзету нәтижесінде 3 млрд. 325 млн. тң., мәжбүрлеп өндіруден — 2 млрд. тң. және жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін, көлік құралдарын және т.б. түгендеу барысында – 3,6 млрд. тң қосымша кірістер анықталып, өндіріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл басынан бері төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды
Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының салалық жетекшілері – басқарма басшысының орынбасарлары Мақсат Мырзабаев пен Ролан Ибрагимов хабарлады.Алдымен, жыл басынан бері басқарманың жол көлігі […]
Астанада оңтүстікқазақстандық 600 домбырашы бір мезетте «Балбырауын» күйін тартты
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Отан-ана мен сарабдал саясатты елдің асқақ өмірін насихаттауға мақсатында дүниеге келген Н.Бейсеқожаевтың «Нұрлы жол» күйі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, […]
ОҚО-ға 230 миллиардқа жуық инвестиция тартылған
Астанада өткен «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форум аясында сөз алған «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Қазақстанның инвестициялық климаты жөнінде баяндама жасады.Бизнес-форум аясында 6 меморандумға қол қойылды. Солардың алғашқысы боп «Шымкент» […]
Пікір қалдыру