Оңтүстікте ашылған отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға «Көмек» оңалту орталығы Қазақстан Республикасының «Қызыл ай» қоғамының құрамында орналасып, «Қорғау-Астана» қорының әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңадан ашылған орталық ғимаратында қабылдау, дәрігер бөлмесі, қажетті құралдармен жабдықталған психолог, әлеуметтік кабинеттер, жатын бөлмелер, асхана, балалар алаңшалары, мәдени тынығу бөлмелері қарастырылған.Мұндай орталық Шымкенттегі Байытұлы баба көшесі бойынан да ашылған. «Медициналық-психологиялық оңалту орталығында» психобелсенді заттарды пайдаланушы азаматтарға медициналық-психологиялық коррекция жұмысын жүзеге асырады. Орталықта нарколог, психолог, психотерапевт және әлеуметтік қызметкерлер емдеу стандарттарына сәйкес наркологиялық және медициналық көмек көрсету көзделген. Медициналық-психологиялық оңалту орталығы келушілерді құзырлы органдардың жолдамасы арқылы қабылдайды. 20 төсек орынмен қамтамасыз етілген орталық тәулік бойы жұмыс жүргізетін стационарлық мекеме болып табылады.Ал үшінші орталық — әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі Шымкент қаласы әкімдігінің Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының жанынан ашылды. Орталықта зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар, кереғар діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетіледі. Мұнда интернет желісі арқылы скайп жүйесімен онлайнды сұхбаттасу, кеңестер алу шаралары жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарын аралап көріп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді
Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралаған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, әкімшілік іскерлік орталығындағы коммуналдық арендалық тұрғын үйлер мен 1200 орындық мектептің құрылысымен де танысып шығып, атқарылған шаруаларға оң бағасын берді.«Облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі баспана. Сондықтан […]
“SHYMKENT FEST” ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың […]
Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VII халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бүгінгі жарысқа Израиль, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Өзбекстан, Жапония, Вьетнам және Қазақстан құрамасының 100-ге жуық спортшылары екі […]
Пікір қалдыру