Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады. Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізілетін болады. Ол үшін халықты «Өрлеу» жобасына жаппай жұмылдырып, жұмыспен қамтуды қолға алған жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.Министрлік қолға алған «Өрлеу» жобасының мақсаты — өмірінде қиын жағдайға тап болған және белгілі бір себептерге байланысты тығырықтан шыға алмай жатқан азаматтарға көмек қолын созу. Тың тәсілді сынақтан өткізу аясында 2015 жылы кедейлік шегінен асқанға дейін тұрақты түрде мемлекет жәрдемін иеленуге мүмкіндік беретін «Өрлеу» жобасы дүниеге келген болатын. Бұл ретте мемлекет тарапы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жеке іс ашуға, оқу мен жұмысқа орналасуға қарайласады. Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО республикадағы облыстар ішінде алғаш болып Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өңірдің фото-көрмесін ұйымдастырды
Оңтүстік Қазақстан облысы осындай іс-шараны өткізген алғаш облыс. Бұл халықаралық дәрежедегі алаңшада ішкі және сыртқы бағыттағы туризмді дамытуға, шетелдік туристердің қызығушылығын тудыруға жақсы мүмкіндік. Сол себепті, көрмеге қойылған 25 фото суреттің ішіне Қ.А.Яссауи және Арыстан […]
ОҚО-да бастау алған «RIC ON KO’RME» жәрмеңкесі жалғасын табуда
Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында бастау алған «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңке жалғасын табуда. Ерекшелігі – жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада сатуға […]
ОҚО-дағы керамика зауыты ел қажеттілігінің 50 пайызға жуығын толықтырады
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы керамика шығаратын «Зерде Керамика» зауыты Қазақстандағы керамикалық гранит өндіретін жалғыз зауыт болып табылады. Ол ел қажеттілігінің жалпы көлемінің 40%-ын толықтыратынын айта кету керек. Одан өзге, зауыт өнімдерінің бір бөлігін […]
Пікір қалдыру