Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында шартты ақшалай көмек 12813 отбасындағы 74705 адамға тағайындалп, жалпы сомасы 3,6 млрд теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Еңбекке қабілетті 13846 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылып, оның ішінде 11528 адам немесе 89,7% тұрақты жұмысқа орналасып отыр.Министр Тамар Дүйсенова, облыс әкімдігінде өткен қорытынды жиын барысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдерінің және өзге де жергілікті құзырлы мекемелердің уақытша науқандарға ұрынбай, жұмысты ұзақ мерзімге жеміс беретіндей сапалы жүргізуінің маңыздылығын атап өтіп, жалпы облыста тындырылған іс-қимылдарды оң бағалады. «Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды жаңа жұмыспен қамту бағдарламасына белсенді тарту қажет. Аз қамтылған отбасыларды көптеп «Өрлеу» жобасына жұмылдыра алсақ, келесі жылдан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын іске қосуға да дайындық деңгейі соншалық жоғары болмақ», — деді Тамара Дүйсенова.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да өткен мерекелік жәрмеңкеде тауарлар екі есе арзан сатылды
Бүгін облыс орталығы – Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды. Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, […]
ОҚО-ДА «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында «АСТАНА EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған облыстық шығармашылық байқауы өтті.Байқаудың мақсаты – мүмкіндігі […]
Ж.Түймебаев: ОҚО-да су қоймаларын жеделдетіп салу қажет
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен кезекті селекторлық режимдегі аппараттық мәжіліс өтті.Күн тәртібінде тасқын суларды сақтау, жинақтау және таратудың гидротехникалық құрылыстарындағы мәселелер қаралып, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар аясында облыстық төтенше жағдайлар […]
Пікір қалдыру