Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп аталатын жол бөлігінің тиісті жұмыстары екі жыл басталған. Ұзындығы 4,4 шқ. болатын бөлікті барынша тез арада бітіруді айтқан әкім сапасын да естен шығармауды нұсқады. Төрт жолақты тас жолдардың бойында көп қабатты үйлер салынып, сәнді ағаштардың егілуі, аяқжолдардың да қарастырылуы керектігін ескерткен әкім Шымкентте шаһар атына сай құрылыстар болуы керектігін айтты.Өңір басшысы бастаған топ облыстық маңызы бар КХ-37 «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас» автомобиль жолының 0-3,9 шақырым аралығын қайта құру бойынша атқарылған шаруаны да көрді. Өткен жылдан басталған жұмыстар осы жылы қарашаға дейін бітуі тиіс. Халыққа барынша ыңғайлы орта құру қажеттігіне назар аударған бірінші басшы күн суымай қолданысқа беруді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік ұстаздар латын әліпбиінің соңғы нұсқасына қатысты ойларын ортаға салды
Шымкенттік ұстаздар латын әліпбиінің соңғы нұсқасына қатысты ойларын ортаға салды. Білім саласы қызметкерлерінің бас қосқан семинарда латын әліпбиінің соңғы нұсқасын кеңінен талқыланды. Бұл үлгінің тиімділігі диаграфтың болмауында, яғни «бір әріп — бір дыбыс» талабы сақталып […]
ОҚО әкімі Қытайлық «CNPC» компаниясын өңірдегі әлеуметтік жобаларға атсалысуға шақырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қытайлық CNPC компаниясының бас директоры Биан Дыжымен кездесті. Кездесу барысында екі тарап Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ секторын дамыту мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңа кезеңге шығару жайын сөз […]
ОҚО әкімі БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының өкілі Джулия Валлеземен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлеземен кездесті. Кездесу барысында тараптар ана мен бала өлімін азайту, гендерлік теңдікді сақтау, тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде өзара пікір […]
Пікір қалдыру