Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Бәйдібек ауданында Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығына барды. Айта кету керек құс шаруашылығы күн санап дамып келеді. Қазіргі таңда, 895 гектар жерді алып отырған кәсіпорын 3,5 млрд теңге шетел инвестициясын тартып, дуадақ құсы түрінің басын 4 мыңға жеткізіп отыр. Бұдан жылына бюджетке 700 млн теңге салық төлейтін инвесторлар жобаның үшінші кезеңін іске асырып жатқанын айт кету керек.Бұл елімізде алғаш ашылған кәсіпорынға 2016-2018 жылдары жобаның үшінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 13 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылған. Егер үшінші кезең еңсерілсе, жылына 15 мыңға жуық дуадақ өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жұмысшылар санын 400-ге жетеді. Бүгінге дейін 895 гектар жер көлемін алып тұрған орталыққа 3,5 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылып, ауданның 156 тұрғыны жұмыспен қамтылған.Сондай-ақ шетелдік кәсіпорын аудандағы 5 әлеуметтік нысанның құрылысын өз қаражатына жүргізуге ниет етіп отыр. Аталған кәсіпорынға арнайы барған облыс әкімі мұндағы арқарылған жұмыстарға да оң бағасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Мақтааралдағы «Хамро ата» шаруа қожалығында семинар өткізуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Мырзашөл өңіріне барды. Ең алдымен облыс басшысы ерте көктемнен егінін егіп, мол өнім жинап Қазақстан мен шетел нарығына шығарып жатқан Мақтарал ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер А.Боевтың бау-бақшасымен танысты. Мұндағы […]
ОҚО әкімі: Аудан-қала әкімдері тиісті индикаторларды толық орындауы қажет
ОҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті қамту мақсатында ішкі істер департаментіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі жыл сайын ұлғайғанымен салаға қатысты бірнеше индикаторлардың орындалмауы байқалады. Атап айтқанда, жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлесінің жоспары 3,4 пайыз болса, нақты 9 айда – […]
ОҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, денсаулық саласында талмай еңбек еткен дәрігерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады.Мерекелік шарада сонымен қоса, өзгеде мереке иелеріне ҚР денсаулық сақтау […]
Пікір қалдыру