ОҚО әкімі: Аудан-қала әкімдері тиісті индикаторларды толық орындауы қажет

ОҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті қамту мақсатында ішкі істер департаментіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі жыл сайын ұлғайғанымен салаға қатысты бірнеше индикаторлардың орындалмауы байқалады. Атап айтқанда, жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлесінің жоспары 3,4 пайыз болса, нақты 9 айда – 3,5 пайызды құраған. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда көрсеткіш Шымкентте, Қазығұртта, Мақтаралда, Отырарда, Сайрамда, Төлебиде, Шардарада, Кентауда, Түркістанда өскен.  

Жиында айтылған олқылықтарға қаныққан өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен салаға жауапты басшылардың жұмысын сынға алып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. 

«Бірқатар аудан-қалаларда тіркелгенімен әрекет етпейтін шағын және орта кәсіпкерлік нысандары көбейіп отыр. Мемлекет пен үкімет тарапынан қаншама қолдаулар көрсетіліп отырған кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікті тұралатуға болмайды. Мәселен, Шымкент, Созақта, Төлебиде, Түлкібаста шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны азайған. Аудан, қала басшыларының осы реттегі жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға беруге болады. Бұдан бөлек, бірқатар аудан қала әкімдіктерінде тек бюджеттік инвестициялармен шектеліп, жеке инвестиция тарту бойынша жұмыстар төмен деңгейде жүргізілуде. Жыл соңына дейін осы олқылықтардың орнын толтыруды және апта сайын ақпарат беріп отыруды тапсырамын », — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*