Құрылысшыларды төл мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласына еңбегі сіңген үш азамат ҚР Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне ие болса, бір адам «Құрметті жолшы» төсбелгісін, бес азамат аталған министрліктің Алғыс хатын алды. Он үш сала маманына өңір басшысының Грамотасы берілсе, бес азамат әкімнің Алғыс хатымен наградталды. Сонымен қатар, бұл күні 40-қа жуық құрылыс саласына қатысты азаматтар марапатталып, ел адындағы мерейі үстем болғанын айта кеткен жөн. Жалпы, 2017 жылы облыс аумағында 209 әлеуметтік нысан құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына 64,9 млрд.теңге қаралды. Сондай-ақ жыл соңына дейін 116 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Ұлттық қордан – «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 мектеп құрылысын жүргізуге 17,4 млрд.теңге бөлінсе, 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті биыл пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі күнге 5 мектеп тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО: Арыстық кәсіпкер кетчуп пен томат сусындарын шығармақ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің Арыс қаласында жүзеге асырылуы баяндалды. «Ал 2017-2019 жылдар аралығында индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар «Қостүйін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем […]
ОҚО-да Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облысымыздағы бірқатар басқармалардың өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани […]
ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырған
Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 17 мың педагог біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, аудандарда мобильді топтар құрылып, облыстың алдыңғы қатарлы мұғалімдері әріптестеріне он-лайн режимінде сабақ өткізіп, озық тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте […]
Пікір қалдыру