Оңтүстік Қазақстан облысындағы биік таулы аймақтарында 40 мұздақ көл анықталып отыр. Ал олардың еруінен құралатын Өгем өзенін үш ауданда тұратын 700 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы ретте Өгем трансшекаралық өзенге жататындықтан Өзбекстанмен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, суды бірігіп пайдалануға қол жеткізілген болатын. Ендігі мәселе – ауыз су тартуға бағытталған жобаны іске асыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлау керек. Бүгін бұл туралы 3340 — 3500 метр биіктіктегі Өгем жотасының Ақсу тауындағы өзен сулар мен мұздақ көлдердің жағдайын тікұшақпен шолып шыққан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Ең алдымен облыс әкімі мінген тікұшақ Бадам өзенін бойлай ұшып, Төлеби, Түлкібас аудандарындағы таулы алқаптарды барлап шықты. Сөйтіп, таулы алқаптардағы мұздақ көлдер үстімен әуеден шолу жасады. Таулы төбесіндегі көлде облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда өңіріміздегі тасқын судың алдын алу, қосымша шағын қоймалардың құрылысын жүргізу, Өгем өзенінің суын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов өзен-көлдердегі тасқынның алдын алу шараларының барысына тоқталды. «Облыс аумағындағы өзен-көлдерде 86,95 шақырымдық қорғаныс дамбалары орнатылған. Бүгінде олардағы қауіпсіздік жағдайлары жіті қадағалауда», — дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Өзбекстанның үш облыс әкімімен меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында […]
Отырар ауданында жыл соңына дейін ауылшаруашылық өнімдерінің көрсеткіші 104,8 пайызға жетеді
Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік мекемелердің және жеке тұрғын үйлердің өртке қарсы дайындығы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы, ықтимал су тасқынының алдын-алу жұмыстары, Көксарай […]
Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ
Шырайлы Шымкент қаласы 2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы атанатын болады. Биыл миллионды қалаға айналуды көздеп отырған шымқалаға мұндай дәреже беру туралы шешім Өзбекстан астанасы Ташкентте ТМД елдерінің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті […]
Пікір қалдыру