Елордасы — Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, 10 тонна қарбыз астаналықтарға тегін тарту етілді. Сондай-ақ, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, 1 тонна болгар бұрышы, 2 тонна баклажан, 3 тонна картоп, 15 тонна қарбыз, 15 тонна қауын т.б. 1 тонна жеміс-жидек өнімдері 15 % жеңілдікпен сатылуда.«Әлемдегі ең тәтті қауын Мырзашөлдің қауыны десем артық айтқандық емес. Дегенмен, Астанада бағасы қымбат болғандықтан көп студенттердің оны сатып алуға қалтасы көтере бермейді. Бүгін астаналықтардың, әсіресе астаналық студенттердің қуанышында шек жоқ. Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында тегін қауын таратылып жатқанын естіп келіп отырмыз. Жаңа оқу жылын осылайша молшылықпен бастап жатырмыз» — деді Айдана Базарбаева.
Ұқсас жаңалықтар
Әдеп жөніндегі уәкіл кімдер бола алады?
МақтааралдаӘдеп жөніндегі уәкіл сайланды. Жалпы, әдеп жөніндегі уәкілдікке бірнеше кандидатты ұсынған кадр бөлімінің басшысы Н.Саттаров ең бірінші оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі, жауапкершілігі ескерілу қажеттігін айтты.«Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк […]
«Өрлеу» жобасына қатысқан мақтааралдықтардың табысы 4,3 есе өскен
Мақтарал ауданында «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп жатқан отбасылар көп. Биылдың өзінде 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобаның жемісін көріп отыр.«Өрлеу» жобасының арқасында қаржы алып, сауда дүкенін ашқан Гүлизар Менглисқызы бүгінде […]
Оңтүстікқазақстандықтар Астанадағы этноауылда 300 келі палау басты
Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Шара барысында Құрбан айт мерекесіне орай бір ірі қара мен екі қой құрбандыққа шалынып, 1 тонна […]
Пікір қалдыру