МАҚТАРАЛДА ҮШ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Таубай ата елді мекеніндегі М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Бастар Есқараев, облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахымберді Мулкемановтар іс-шараның арнайы қонақтары болды.«Қымбатты оқушылар, ұстаздар және барша ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке — Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы қарсаңында ашылып жатқан жаңа ғимараттарда балаларымыз Қазақстанның туын көкке көтерер үлкен тұлға болып қалыптасуларына тілектеспін. Сіздерге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар, мықты денсаулық тілеймін!» — деді айдан әкімі Ғалым Исмайлов.2 гектар аумақты алып жатқан М.Жұмабаев атындағы мектептің 200 орындық жаңа ғимаратын тұрғызу үшін 400 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Мектеп толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туғызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдарында ұстаздар оқушыларды өздері қалаған спорт пен өнердің түріне баулиды.

Айта кетейік, бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Төребековтың қатысуымен дәл осы Қазыбек би ауылдық округінің Қазыбек би елді мекенінде 200 орындық №13 жалпы орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлованың қатысуымен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты елді мекенінде тағы бір 200 орындық C.Торайғыров атындағы жалпы орта мектептің жаңа ғимаратының ашылу саланаты болып өтті. Мектептердің барлығы да заманауи құрал-жабдықтармен, инфрақұрылымдармен қамтылған. Бұдан бөлек, ауданда 8 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*