Мақтарал ауданына іс-сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев келді. Тұрғындармен кездесу жиынына аудан әкімі Ғалым Исмалов, ауылдық округтің әкімдері мен бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен мәдениет саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Сонымен қатар, мінберге шыққан депутат биылғы тарихи оқиғалар жайлы сөз қозғады. Мемлекеттің даму бағытын айқындаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауынан бастап, ондағы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мәселелеріне тоқталды. Жаһанның ең озық технологияларын елімізге ендіру арқылы цифрлы Қазақстан құру мәселелері төңірегінде жасалынып жатқан жұмыстар жайлы айтып өткен депутат дәл осы Жолдауға байланысты Парламентте 84 заң жобасы қаралғанын атап өтті.«Қазақстан — мұхитқа шыға алмайтын мемлекет. Біз ірі магистралді жолдар салу арқылы ғана шетелдермен байланысымызды, сауда-саттығымызды нығайта аламыз. Сондықан, «Нұрлы жол» бағдарламасы жұмысын тоқтатпайды» — деді Ә.Бектаев
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді
Мақтарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру мақсатында семинар кеңес өтті. Қызметкерлер осыған байланысты көкейде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Барлық дамыған елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы […]
Мақтааралдық ұстаздар сый-сияпатқа ие болды
Мақтарал ауданында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Мерекеге аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, […]
Мырзашөлдік мақташылар мақта өсіруде тың тәсілдерді қолдана бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жергілікті әкімдік пен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Мақтарал ауданының жағдайында мақта баптаудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында семинар — тренинг өтті.Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы […]
Пікір қалдыру