Көкпардың Мессиі Мақтааралда тұрады

Көкпардан әлем чемпионатының «Ең үздік салымшысы» атағын жеңіп алған Абылайхан Шаймерденұлы Мақтаарал ауданының әкімі Ғалым Исмайлов құттықтаған болатын. Марапаттау іс-шарасында Абылайханның жаттықтырушыларының бірі Сабыржан Тоқтабайұлы аудан әкіміне  Мырзашөл өңіріндегі көкпар спортының дамуы жайлы баяндап берді. Мақтарал ауданының жастар құрамасы облыста 3 рет чемпион болса, ересектер құрамасы 2 рет күміс, 1 рет қола жүлдегер атаныпты. Ал, аудан әкімі Ғалым Исмаилов ауданда ұлттық спортымыз саналатын көкпар ойынын өткізуге арналған ипподром салынатыны туралы мәлімдеді.Көкпар — ұлттық спорттық ойын, бұл ойында спортшының ептілігі, күші, батылдығы сыналады. Қазіргі таңда көкпар ойыны Қазақстанда ғана емес, Орта Азия елдерінде кеңінен таралған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азия елдері көне ойындарды жандандыруды қолға алды. Нәтижесінде, Халықаралық спорт федерациясы құрылып, еліміздің аймақтары ғана емес, сонымен қатар Қытай, Пәкістан, Түркия және Францияның өкілдері федерацияның мүшесі атанды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*