Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті. Қонақтардың арасында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, «Башқұртстан қызы» журналының редакторы Гүлназ Кутуева, «Әзірбайжан» журналының редакторы Судаба Агабалаева, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы, Қазығұртkz» журналының бас редакторы Мархабат Байғұт және т.б. 19 елден 10-ға жуық әдебиет және мәдениет қайраткерлері бар.Кездесуде сөз алған облыс әкімі Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресінің табысты өтуімен құттықтады.«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын. Яғни, біз ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер арасында ынтымақ-бірлігімізді арттырып қана қоймай, мәдени және экономикалық, туристік тұрғыда соны серпін аларымыз, сергек тартарымыз сөзсіз. Кешегі өткен жиында салиқалы сөздер, ұтымды ұсыныстар айтылып, орнықты ойлар ортаға салынды деп ойлаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі 50 жеңімпаз оқушымен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2016-2017 оқу жылында халықаралық, республикалық пән олимпиадалардың және өнер мен спорт жарыстарының жеңімпазы болған 50 оқушымен кездесті.Кездесу барысында аймақ басшысы жеңімпаздарды халықаралық, республикалық жетістіктерімен құттықтап, бұл жеңістің – […]
ОҚО әкімі туған жерді түлетуге кәсіпкерлерді жұмылуға шақырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен өңір кәсіпкерлері және […]
ОҚО әкімі Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев елімізге белгілі шығыстанушы, дінтанушы азамат Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті. Басқосуда тараптар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде әңгімелесіп, Оңтүстіктің тарихы, әдебиеті мен мәдениет, ұлттық бірігуі жайлы сөз қозғады.сурет yvision.kz сайтынан […]
Пікір қалдыру