Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Компания Натур Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдейтін құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Қосымша бес жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта өндірісті кеңейту мақсатында Ақсу ауылында тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін жаңа зауыт құрылысын жүргізуді жоспарлап отырғанын айта кету керек. Қазіргі таңда Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 9559,4 млн. теңгеге тамақ өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 18,2 пайызды құраған. Салада табиғи түрде 725 тонна сүт өнімдері, 51596 тонна ұн, 60 тонна шұжық өнімдері мен 720,4 мың литр өзге де алкогольсіз сусындар өндіріліп отырғанын айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Арабтар ОҚО-да қант зауытын салуды ұсынды
Біріккен Араб Әмірлігі Оңтүстік Қазақстан облысында қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Арабтар бұл жөнінде біздің тарапқа ұсыныс та тастаған екен. Бұл жөнінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мәлім […]
Сайрамда «Тәрбие отбасынан басталады» атты форум болып өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде Оңтүстік Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Қарабұлақ ауылдық округінде тұрғындар, қоғамдық ұйым мүшелер, жастардың қатысуымен «Тәрбие отбасынан басталады» атты Форум ұйымдастырылды. Форум жұмысын аудан әкімі […]
ОҚО-да «Балаларға шаттық сыйлайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы ұжымы «Балаларға шаттық сыйлайық!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде өткен шараның мақсаты — ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың көңілін көтеріп, өңіріміздегі барлық қаржы ұйымдарын қайырымдылықпен […]
Пікір қалдыру