Оңтүстік Қазақстан облысы жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков, қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуді бүгінгі күннің талабы деп біледі. «Қазақ елі тәуелсіздік алғанына жиырма алтыншы жылға аяқ басты. Бүгінгі жастар еліміздің өркендегенін, жылдан-жылға дамып келе жатқандығын көріп отыр. Олар азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде. Сондықтан, біздің ойымызша, отаршылдық санада емес, тәуелсіздік рухтағы қазіргі қазақ жастары ұлтын сүйетін патриоттық сезімде қалыптасып келеді.Біз жастар латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз деп сеніммен айта аламыз. Латын әліпбиіне көшу-біз жастар үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ» дейді Оңтүстік Қазақстан облысы жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 2018 жылы «Бадам» қосалқы станциясының құрылысы басталады
Оңтүстік Қазақстан облысының, Ордабасы, Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумағында орналасатын кәсіпорындар мен 244 мың тұрғынды тұрақты электр энергиясымен қамту мақсатында «Бадам» қосалқы станциясының жобасы әзірленіп жатыр. Аталған станцияның құрылысы 2018 жылы басталады. Облыстық Энергетика және […]
ОҚО-дағы БАҚ медиахолдинг аясында топтаспақ
28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қаладағы бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысымен танысты.Ең алдымен аймақ басшысы «ERNUR» корпорациясының баспаханасында болып, оның жұмысын көрді. Бұл […]
ОҚО-да «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 75,2 пайызға артқан
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы кеңінен талқыланды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ашып […]
Пікір қалдыру