Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы трансформатор құрайтын өндіріс орны жылдан жылға жұмыс үдемелілігін арттырып келеді. Мәселен, осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 12 млрд. теңгеге жуық өнім өндірген. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырған 50 пайызға жоғары екен. Айта кету керек Кентаудағы трансформатор зауыты Қазақстанда электр реттегішін жасайтын жалғыз кәсіпорын.Сонымен қатар, электроматор, генератор және траснформатор шығаратын өндіріс орны осы аралықта 10988 дана заттай тауар шығарғанында айтпай кетуге болмайды. Күні бүгінге дейін кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын шетел асып экпортқа жөнелтіліп жатыр. Атап айтқанда, Ресей, Қырғызстан, Өбекстан және Тәжікстан елдерінен трансформаторларымызға деген сұраныс жоғары. Мүнан бөлек, зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы, «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы сияқты алпауыт мекемелер мен Орта Азия мемлекеттері бар.
Ұқсас жаңалықтар
Кентауда ана мен бала өлімі азайған
Соңғы жылдары Кентау қаласындағы денсаулық саласының жұмысы бір ізге түсіп, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атқарылған істердің нәтежиесі де жаман емес. Мәселен, кенділер қаласында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жастан 70 жасқа жоғарылаған. Сәйкесінше, нәрестелер […]
Кентаудағы тұрғын үйлерді жаңғыртуға 500 миллионға жуық қаржы бөлінбек
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында жергілікті бюджеттің қайта нақтылануы кеңінен талқыланды.Мәселен, биыл Түркістан және Кентау қалаларындағы тұрғын үйлерді жаңғыртуға 491,5 миллион теңге бағытталып отыр. Ал, Шымкент қаласындағы бұрынғы қоқыс полигоның аумағында саябақ […]
ОҚО-да тауардың жаңа түрлерін экспортқа шығаруды қолға алып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысы экспортқа жаңа тауар түрлерін шығаруды қолға алды. Вакуумдық түтікшелер, ортопедиялық құрал-жабдықтар мен МДФ плиталар осы өңірден шетелдерге саудаланатын болады. Жергілікті кәсіпкерлік басқармасы бұл тізімнің әлі де толыға түсетінін айтады. Дәл қазір Ресей, […]
Пікір қалдыру