Соңғы үш жылда «Серпін-2050» бағдарламасымен бөлінген 11 296 гранттың 5516-сын яғни 50пайызын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иемденген. Десекте, жобаға қатысуға ниетті жастардың саны жылдан—жылға артып келеді.Осыған байланысты жобаға бөлінетін грант санын кемінде 5 мыңға көбейту көзделіп отыр. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті.Елімізде жастардың сапалы білім алуына мол мүмкіндік беріп отырған «Серпін-2050» жобасы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Аталған жобаның мақсаты — жастарды халқы аз қоныстанған және еңбек күшін қажет ететін солтүстік аймақтардағы жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарына орналастыру және жұмыспен қамту. Жалпы жобаға 14 облыс қатысса, оның ішінде 9-ы қабылдаушы, ал, 5-уі жіберуші өңір. «Жобаға еліміздегі 133 жоғары оқу орындарының арасынан 25 жоғары оқу орындарында педагогикалық 15 мамандық, техникалық 14, ауылшаруашылығы 9, ветеринария 2 мамандық бойынша талапкерлер қабылдауда. Мамандықтардың жалпы саны 40-қа жуықтайды. Жобаға қатысушы әрбір талапкерлерге барлық әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып, студенттер үшін барлық материалдық-техникалық базамен толықтай жабдықталған», — деді Балмаржан Полатқызы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ДА ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ БІРЫҢҒАЙ НҰСҚАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮРКОЛОГ-ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері» жөнінде алқалы жиын өтті. Жиынға облыс әкімі, облыстық басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, түрколог-ғалымдар, жоғары оқу орындарының ғалымдары, тіл мамандары, магистрлер мен студенттер және […]
ОҚО-да iрi қара саны 925 мыңды құрады
Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы, тәуелсiздiк алғаннан бергi жылдары мал басы, оның iшiнде iрi қара саны әжептәуiр көбейдi. 1991 жылы облыстағы iрi қараның саны 464 300 болса, 2016 жылы ол 815 мыңға жеттi. Ал, биыл 10 […]
ОҚО-дағы көптеген аудандарда тарту мәселесі өзекті
Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген аудандардың көшбасын Ордабасы, Созақ аудандары мен Кентау қаласы бастап тұр. Ал ауыл шаруашылығы өнімі төмен аудандарға Ордабасы (5,9%) мен […]
Пікір қалдыру