Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Оның айтуынша, облысымыздағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 510,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан. Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 353,0 млрд. теңгені құрап, 2,4 пайызға өсіп отыр. Жылдың қорытындысымен кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 200 млрд. теңгені құраған.«Облысымызда жеңіл өнеркәсіп – 5,2 пайызға, машина жасау – 32,7, химиялық өнеркәсіп – 17,3, металлургия – 17,0, өзге металл емес минералдық өнімдер – 14,8, фармацевтикалық өнімдер – 12,1, тамақ өнімдерін өндіру – 8,4 пайызға артып отыр. Жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 570 млрд. теңгені құрайды деген жоспар бар», — деді Арман Сәбитұлы
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО ардагерлері өңірдегі бірқатар зауыттардың жұмысымен танысты
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының 80-ге жуық ардагері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көрді. Ондағы мақсат – ардагерлерімізді облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстармен хабардар ету болатын.Ардагерлер ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық […]
ОҚО-да «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» заң жобасы талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысында 427 адвокат қызмет атқарады. Яғни, бұл бір адвокатқа 6766 азамат жүгінеді деген сөз. Сондай-ақ, облыстағы халық саны көп шоғырланған Түркістан қаласында бір адвокатқа 13 мың азаматтан келсе, Мақтарал ауданында бір адвокатқа 20345 […]
ОҚО-да 2 мыңнан астам жоба қаржы ұйымы арқылы қаржыландырылды
Күні бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 6 млрд. теңгеге 2 096 жобаны қаржыландырды. Соның нәтижесінде 5 мың жұмыс орны ашылғанын айта кету керек. Оның ішінде 1,7 мыңы […]
Пікір қалдыру