Шымкентте «Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!» атты тақырыпта еліміздегі кредиттік серіктестіктердің халықаралық І- форумы өтті. Шараны еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы мен Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Форум жұмысын ашып берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.«Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында өзара кредиттеу түріндегі қаржы мен несие қызметтерін ұсыну бойынша тармақталған қаржы желісінің аса қажет екенін атап өткен еді. Сондай-ақ Елбасы еліміздің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ары қарай — ЭЫДҰ) мүше елдердің стандарттарына көшу қажеттігін жүктегін болатын. Өйткені, ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің қаржыландыруға қолжетімділігі – аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда басты өлшем болып табылады. Сондықтан бүгінгі шараға қатысушаларға алғысымымды білдіріп, алдағы уақытта тығыз қарым –қатынаста жұмыс істеуге шақырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ТҰРАН АУДАНЫ: 9 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласының жаңа ауданында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын […]
«ОҢТҮСТІК» АИО-дан несие алудың артықшылықтары көп
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығындағы пайыздық мөлшерлеме 7-8 пайыз яғни төмен болуымен бірге несиені рәсімдеу барысында қосымша төлемдер, комиссиялар алынбайды. Несиені өтеу кестесі әр кәсіпкер үшін жеке қарастырылып, икемді түрде жасалып беріледі. Ауылдық […]
ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАЙТПАС ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ АСФАЛЬТСЫЗ КӨШЕ ҚАЛМАЙДЫ
Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 213 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Қаратау ауданының елдімекендерінде халық тығыз орналасқандықтан […]
Пікір қалдыру