Арыс қаласында өткен жиында сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жандандыру керектігі жөнінде баяндамалар жасалды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету керектігі талқыланды. Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру керектігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру қажеттігі турасында туындаған сұрақтарға мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал. Мәжіліске қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға заң аясында тұщымды жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Арыста мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада болып өтті
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында Стартакиада болып өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтегі азаматтарды […]
ДЕНСАУЛЫҚ – БАЙЛЫҚТАН ҚЫМБАТ
Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Арыс қаласы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңестің жиыны өтті. Жиынға Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, Арыс қалалық мәслихатының хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, ауылдық округ әкімдері, […]
Арыстағы қызанақ өңдейтін зауыт енді томат пастасын шығаратын болады
Арыс қаласындағы «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС-нің қызанақ өңдейтін томат зауытында күніне 400-500 тонна қызанақ өңделіп, 70 тоннаға жуық томат концентраты дайындалуда. Алдағы уақытта өндіріс орны жұмыс көлемін кеңейтіп, томат концентратынан дайын өнім шығармақ. Жақын күндері кәсіпорын […]
Пікір қалдыру