Шардара ауданындағы үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорын жылына 600 тонна балық өндіреді. Қазір өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағалалы аймақта балық өңдеумен айналысатын төртінші кәсіпорын. Өндіріс орнын ашу үшін кәсіпкер әуелі 58 млн. теңге қаржы шығындады. Істі ілгерілету үшін мемлекет қолдауына да иек артты.Сөйтіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығы арқылы 42 млн. теңге несие алды. Бүгінде балық өңдеу зауытына Арал, Көксарай мен еліміздің батыс аймақтарынан да тонналап шикізат жеткізіледі. Одан мұндағы мамандар филе, мұздатылған және ысталған балықтың түр-түрін өндіреді. Зауыт жұмысының ерекшелігі сол, қалдықсыз технологияны басшылыққа алған. Өнімі сапалы Шардара балығының 70 пайызы Еуропа елдеріне экспортталуда. Кәсіпорын алдағы уақытта балықты өздері өсірмек. Айту керек, Шардарадағы бұған дейін ашылған «Хамит», «Шардара балық-1» және кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауыттары былтыр 4 мың тоннаға жуық 3 млрд. 2 млн. теңгенің балығын өңдеген. Ал, «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылуымен биыл бұл меже тағы 30 пайызға артатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте балық шаруашылығын оқытуда
Шардара қаласындағы №16 колледжде өңірімізде бұрын соңды болмаған балық шаруашылығы мамандығы оқытылады. Сондай-ақ, мұнда былтырғы жылы 5 қабатты барлық жағдайы жасалған жатақхана күрделі жөндеуден өткізіліп, шәкірттердің игілігіне тапсырылды. Студенттер білім алумен қатар, тәжірибе арттыруда да […]
Шардара — жеңімпаздар мекені!
Шардара ауданында қол күресінің негізін қалаған Арман Қарсыбаев бүгінгі таңда аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне басшылық жасайды. Жыл сайын облыстағы үздіктердің қатарынан көрінетін аудандық дене шынықтыру және спорт саласы өткен алты айдың өзінде ауыз […]
Шардарада «Дін және дәстүр» тақырыбында кездесу болып өтті
2017 жылғы 11 шілде күні Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жаушықұм ауылдық округінде және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «Дін және дәстүр» тақырыбында кездесу өтті. Жаушықұм ауылдық округінде және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында […]
Пікір қалдыру