Шардарада «Дін және дәстүр» тақырыбында кездесу болып өтті

2017 жылғы 11 шілде күні Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жаушықұм ауылдық округінде және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «Дін және дәстүр» тақырыбында кездесу өтті. Жаушықұм ауылдық округінде және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткізілген кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің дін жөніндегі әдіскері Н.Үсіпбек ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтап келешек ұрпаққа жеткізу баршамыздың міндетіміз деп түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда біздің дін мен салт-дәстүрзді шатастырып сан ғасырдан бері ұстанып келген ұлттық құндылықтарымызды теріске шығарып бұның бәрі бидғат, адасушылық деп жастарымыздың санасын улап, теріс жолға бағыттап жүргендер еліміздегі ауызбіршілік пен татулыққа сына қағып жүргендігі туралы түсіндіріп өтті. Н.Үсіпбек кездесуге қатысушыларға балалар дінді әлеуметтік желілерден емес, мешіттен үйрену керектігін, өйткені әлеуметтік желілердегі дін туралы ақпарат әрқашан да ҚМДБ көзқарасымен сәйкес келе бермейді. Әлеуметтік желілерде жастарды теріс діни бағытқа үндейтін уағыздар, бейнетаспалар да жеткілікті екенін атап өтті. Сондықтан да мүмкіндігінше дінді мешіттен, яғни ҚМДБ бекіткен имамдардан үйрену керектігін айтып өтті.
Кездесу соңынан қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, пікіралмасулар өткізілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*