«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалінде Кентау қаласы күнінің басталуына орай, ашылу салтанатында – арнайы қойылымда бос жатқан қара жерге кеншілер келіп, қаланың жасыл желекке айналуы жөнінде көрсетіледі. Жергілікті композитор Ерғали Шырынбековтің фестивальдің өтуіне орай арнайы шығарылған «Туған жер» әні алғаш рет орындалады.Кентау қаласы өнімдері және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қалаға қарасты 4 ауылдың ауылшаруашылық өнімдері мен қаладағы жеке кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылып отыр. Кентау қаласынан сәбіз-500 кг, қызылша-300 кг, болгар бұрышы-300 кг, кәді (баклажан)-300 кг, қызанақ-600 кг, қияр-350 кг, алма-800кг, жүзім-200 кг, асқабақ-400 кг, қарбыз-1,5 тн, қауын-1,5 тн, картоп-500кг, пияз-500 кг, қымыз-100 л, қымыран-100л, құс еті-1,0 тн, қой еті-100 кг, сиыр еті-500кг, жылқы еті-500кг, «Жеті Жарғы сүт өнімдері»-500 кг(қаймақ, айран, сүт, сүзбе, құрт, май, т.б) әкелінді. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін 16 шатыр тігілді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО Кентау қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 5 қабатты екі тұрғын үйдің монтаждау жұмыстары басталды. Тұрғын үйлердегі пәтер саны 60 екенін айта кеткен жөн. Ал, оның ішінде бір бөлмелі 10, екі бөлмелі 20 және үш бөлмелі 30 […]
ЭКСПО — 2017 көрмесін Кентау трансформаторлары жарықпен қамтамасыз етеді
Кентаудағы трансформатор зауытының ұжымы құрастырған 80 МВт-тық трансформаторлар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi өтетiн ең маңызды аймақты жарықпен қамтамасыз етедi. Қазiргi кезде Қазақстанда тұңғыш рет жасалған ТРДН-80000/110 трансформаторын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi аймағына бас құрастырушы Әдiлбек Тәжiбаев […]
ОҚО-да өткен мерекелік жәрмеңкеде тауарлар екі есе арзан сатылды
Бүгін облыс орталығы – Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды. Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, […]
Пікір қалдыру