Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы жаңа фабрика іске қосылды. Өндіріс орнының құны 506 млн теңге. Бұл жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алып отыр. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын да айта кеткен жөн.Жиһаз фабрикасының жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өз кезегінде бүгінде өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бұл ел экономикасының дамуының кепілі екенін айтып өтті.«Жалпы өнеркәсіпті дамыту Елбасымыздың біздің алдымызға қойған міндетінің бірі. Бүгін міне, Сайрам ауданында қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Сонымен қатар, фабриканың ашылуымен ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі артатын болады. Сіздер өз сөздеріңізде фабриканың өнімі Италия жиһаздарынан кем болмайды дедіңіздер. Бұдан былай жұрт «Сайрам сапасы» деген терминді қолданатындай дәрежеге жетіңіздер»,-деген әкім кәсіпорынның жұмысшыларына сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер […]
Ж.Түймебаев: Мақтарал ауданының облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған үлесі орасан
ОҚО әкімі Ж.Түймебаевқа Мақтарал ауданының индустриялды аймағында іске асып жатқан жобалар туралы аудан әкімі Ғ.Исмаилов таныстырып өтті. Атап айтқанда, 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауыты, келер жылы іске қосылатын салы өңдеу зауыты, асфальт бетон […]
Сайрмадықтар белгілі қаламгер Әкім Ысқақпен кездесті
Белгілі қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Әкім Ысқақ тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Һәм қоғамдық жұмысына өз жолымен келген азамат. Ол 35 жасында шетелдегі қандастарды шақыруды мемлекет мәселесі етіп қойды. «Халықтың көші-қон туралы» заңын жазған депутат ретінде аты […]
Пікір қалдыру