ОҚО-да еуропалық сапада жиһаз шығаратын фабрика іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы жаңа фабрика іске қосылды. Өндіріс орнының құны 506 млн теңге. Бұл жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алып отыр.  Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын да айта кеткен жөн.Жиһаз фабрикасының жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өз кезегінде  бүгінде өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бұл ел экономикасының дамуының кепілі екенін айтып өтті.«Жалпы өнеркәсіпті дамыту Елбасымыздың біздің алдымызға қойған міндетінің бірі. Бүгін міне, Сайрам ауданында қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Сонымен қатар, фабриканың ашылуымен ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі  үлесі артатын болады. Сіздер өз сөздеріңізде фабриканың өнімі Италия жиһаздарынан кем болмайды дедіңіздер. Бұдан былай жұрт «Сайрам сапасы» деген терминді қолданатындай дәрежеге жетіңіздер»,-деген әкім кәсіпорынның жұмысшыларына сәттілік тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*