ОҚО-ға ЖТүймебаев әкім болып тағайындалған соң қолға алған ерекше жобалардың бірі – Шатқал бағдарламасы. Оған сәйкес облыс орталығы Шымкент қаласы мен аудандардағы бос жатқан сай-салаға көшеттер егіліп, саябаққа айналады. Облыста Шатқал бағдарламасы жер-жерде қолға алынғалы бері өңірдің аудан, қалаларында аталған бағдарлама аясында 400 мың түптен астам жасыл желек егілді. Бір ғана Шымкентте ашылған 5 саябаққа 50 мыңнан астам көшет отырғызылды.Тал-дарақ егу жұмыстары бойынша аудан, қалалар ішінде Бәйдібек ауданы алда келеді. Ондағы бүгінгі таңда бағдарлама аясында Ақбастау ауылды округіндегі «Домалақ ана» кесенесінің маңындағы 20 га қоршалған жер мен Шаян-Екпінді жол бойындағы 5 га жерге 172 мың тұт ағашы, 3050 шырша және 22 мың 800 түп гүл көшеті егілді. Отырар ауданында бүгінге дейін 53 294 түп жасыл желек отырғызылса, Төлебиде 28 мың түптен астам қарағаш, арша және жеміс ағаштары егілді. Сарыағаш ауданында да республикалық маңызы бар автожолдың бойына, аумағы 11 шақырым жерге 20 мың түп шырша, боз арша көшеттері егілді. Шардарада «Жасыл аймақ» құру жоспары түзіліп, тасжолдардың бойында 3300 дана көшет егілген. Созақтықтар «Шатқал» бағдарламасына сәйкес 1030 түп декоративті көшетті аудандағы 8 су қоймасының маңына отырғызған. Тиісті жоспар Сайрам ауданында да орындалуда. Сайрам мен Түлкібас аудандарының шектесер тұсында, Машат асуындағы халықаралық автожолдың бойына 1200 түп түрлі жеміс ағаштарымен қоса, қылқанжапырақты және қаратал көшеттері отырғызылды. Мақтаарал ауданында «Шатқал» бойынша 11 мың түп тал көшеттері егілсе, қазығұрттықтар 26 гектар жерге 16 мың 343 көшет отырғызды. Түркістанда 17 мың түп ағаш көшеті өсіп тұр. Бұған қоса өңір басшысы жуырда Шымкент қаласының маңындағы 16 мың гектар алқапқа жасыл желек егу туралы тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Т. Дүйсенова: Халықты нәтижелі жұмыспен қамту – тұрақтылық пен табысқа бастайды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті. Басқосуда тараптар саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.Атап айтқанда Тамара Қасымқызы өңірдегі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев арнайы насихат тобымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиін насихаттау мақсатындакелген арнайы топ мүшелерімен кездесті. Топ құрамында белгілі саясаткерлер: Ерлан Саиров, Әміржан Қосанов, Талғат Қалиев және ақын Ақберен Елгезек, блогер-журналист Руслан Желдібай бар. Кездесу барысында жаңа […]
ОҚО-да заңсыз тасымалмен күрестің жаңа әдісі қолданысқа енді
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары заңсыз тасымалмен күресудің ерекше жолын ойлап тапты. Ол үшін мамандар түрлі ауданаралық бағыттарда жолға шығып жүрген әрбір шағын автобусқа «Жолаушылар көлігі» деген жазуы бар облысымыздың логотипі мен тасымалдаушы […]
Пікір қалдыру