Оңтүстік Қазақстан облысында есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны 1281. Мұнан бөлек ескі сәулеттік ескерткіштер 218, археологиялық ескерткіштер 1063 құрап отыр. Сонымен қатар, өңірде бұдан басқа да зерттелмегендері баршылық екен. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында мәлімдеді.«Неғұрлым тарихымызды қадірлесек, неғұрлым барымызды бағалап, сақтасақ, біз соғұрлым әлемде, дүниеде сыйлы боламыз. Халық есебінде! Өйткені, өзінің өткенін ескермейтін, бағаламайтын халықты өзінің ұрпағы да бағаламайды және оны өзге мемлекеттер де қадірлемейді» деді.Сондай-ақ, оңтүстікте Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Оқсыз, Сауран, Сидақ, Мәртөбе, Ханқорған, Күлтөбе секілді қалашықтар көп. Барлығы да біздің еліміздің мақтанышы. Аталмыш қалашықтарды қайта қалпына келтіріп, музейге айналдыру үшін қыруар жұмыс жасалмақ. Осыған байланысты өңірде жұмыс тобы құрылғанын айта кету керек. Оның ішінде белгілі ғалымдар, археологтар, архитекторлар барлығы да бар. Атап айтар болсақ, Әлкей Марғұлан атындағы археология институның директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Байтанаев Бауыржан Әбішұлы, сәулет бюро диреторы Бақытжан Әшірбаев та бар.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 15 мың оқушының қатысуымен «Шабыт шеруі» өтті (видео)
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы — Шымкент қаласында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің «Шабыт шеруі» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстан 15 мың оқушы мен […]
ОҚО-да шегірткіге қарсы күрес жұмыстары аяқталып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиналыста баяндама жасады. Басқарма басшысы мәжіліс барысында өңіріміздегі шегірткеге қарсы күрес шараларының барысы да назардан тыс қалмағанын айтты. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары кестеге […]
ОҚО-дағы көптеген аудандарда тарту мәселесі өзекті
Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген аудандардың көшбасын Ордабасы, Созақ аудандары мен Кентау қаласы бастап тұр. Ал ауыл шаруашылығы өнімі төмен аудандарға Ордабасы (5,9%) мен […]
Пікір қалдыру