Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талықалауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып кеше ғана Ақордада ұсынылған жаңа латын әліпбидің үлгісі.Осы орайда, өңір ғалымдары тарапынан жалпыхалықтық талдаудан өткен әліпбидің соңғы нұсқасын қолдау тауыпты. Сондай-ақ, кездесу барысында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан – үш түркітілдес мемлекеттердің тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, олардағы жетістіктер мен кемшін тұстарын атап айтты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты проректорының міндетін атқарушы Еркін Махашевтың айтуынша, қазір олар қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін сақтау бойынша ізденіп жатыр. Тіл мамандарының әдіс-тәсілдер жиынтығы балабақша және бастауыш сынып балаларына арналады. Топ мүшелерінің пайымынша, латын әліпбиі – тың технологиялардың тілі.«Ғалымдар латын әліпбиіне көшудің әдістемесін жазып жатыр. Бұл жерде жастардың да үлесі зор. Латын әріптерін сауатты қолдану үшін тиянақты болу керек. Себебі қазақша жазу жоғалмай, ұлттық код сақталуы тиіс» дейді Еркін Махашев, ОҚМПИ проректорының міндетін атқарушы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жылыжай көлемі келер жылы 1514 гектарға жетпек
Биыл оңтүстікте көкөніс пен бақша өнімдері өндіруде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Жаңа бағыт ретінде жаңғақ пен бадамша егу жұмыстары да қарқын алып келеді. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 7 мың гектарға артып, 825 мың гектарға […]
ОҚО-да биыл білім нысандарына 31,9 млрд. теңге бөлінген
Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 11-сыныпты бітірген 33 мың мектеп бітірушінің орнына 73 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Нәтижесінде өңірде оқушы орнына деген тапшылық байқалып жатқанын айта кеткен жөн. Яғни, шәкірттердің күрт өсуі өңірдегі […]
Оңтүстікте «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде шартты ақшалай көмек алушылардың кірісі 3,2 есеге өсіп отыр
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға еш нәрсеге күш салмай-ақ, әлеуметтік көмектің ең төменгі мөлшерін алу, не болмаса жобаға қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі туып отырғын айта кетпеуге болмайды. Сонымен қатар, […]
Пікір қалдыру