Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді жүйелі түрде дамыту үшін туризм басқармасы құрылатын болады. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында мәлімдеді. Өйткені, өңірімізде Ақсу жабағылы, Қасқасу, Сырдарияның бойы, Шардара, Арыс, Келес, Қызылқұм секілді табиғаты көркем жерлер көп. Бұл жерлер бойынша қазірде арнайы жоспарлар жасалынып жатыр екен.«Мен қазір облысымыздағы туризм саласына үлкен көңіл бөлемін. Қазір сіздерге міне бірінші рет айтайын деп отырмын, облыста арнайы туризм басқармасын құру жайлы шешім қабылдадым. Себебі, туризм дегенді көп адамдар қыдыру деп ойлайды. Туризм қыдыру емес, туризм туристтік индустрия. Ол жеке үлкен бір сала. Себебі оның ішіне барлығы кіреді. Туристер келу үшін қонақ үйлер керек, мейрамхана, дәмханалар, түрлі демалатын орындар қажет»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, өңір басшысы өз сөзінде туризмі жақсы дамыған Түркия, Германия секілді елдерді мысал ретінде айтып өтті. Бір ғана түріктердің өзі жылына туризмнің арқасында қазынасына 40 миллиард доллар қаржы түсіреді екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Қазагрогрин» кәсіпорны топырақсыз жем-шөп шығаратын жаңа қондырғыны іске қосты
Бүгінде заман талабына сай, ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындап отырғаны анық. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін […]
Сарыағаштағы сүт фермасы жылына 720 тонна сүт өнімдерін шығарады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барып жұмысымен танысты. Айта кетейік, серіктестік басшысы Байгазиева Шаркул. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің 2000 жылы негізі қаланған. Қазіргі […]
Шымкентке жылу беру бекітілген ережеге сәйкем жүргізілмек
Бүгінгі таңда қаланың оңтүстік бөлігіндегі диаметрі 1000 мм жылу жүйесі толығымен суға толтырылса, ертеңнен бастап қаланың оңтүстік бөлігіндегі магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелерін сумен толтыру жұмыстары басталады екен. Ал қаланың солтүстік бөлігіндегі жылу жүйелеріне […]
Пікір қалдыру