Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі бірнеше тарихиа орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Ондай жерлерге әйгілі көне Отырар қалашығы, Арыстанбап пен Ордабасы биігі де кіріп отыр.«Туризмдегі еңбасты мәселе тек тарихи орын емес, туристер келген кезде оларға ыңғайлы жерлер болуы керек. Нақтырақ айтқанда, адам тоқтап демалатын, су ішетін, кәдесыйлар сатып алатын жерлер. Міне Отырарға кіреберіс, шығаберіс жерлерге осындай нысандар салу жоспарда бар. Солар болашақта Отырар мен Арыстанбабта жасалынатын болады» дейді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, алдағы уақыта Ордабасыға кіргенде үлкен алаңдар болатын көрінеді. Себебі, Ордабасы қорығының аумағы 1170 гектарға жетеді. Қазіргі таңда, төбенің ең биік жерінде стелла тұр.Сол стелланың атырабының барлығын жақсылап абаттандыру көзделіп отыр екен. Болашақта, халқымыз, ұрпақтарымыз осында келіп тағзым ететін жерге айналдыру жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Сарыағаштағы сүт фермасы жылына 720 тонна сүт өнімдерін шығарады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барып жұмысымен танысты. Айта кетейік, серіктестік басшысы Байгазиева Шаркул. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің 2000 жылы негізі қаланған. Қазіргі […]
Ж.Түймебаев: Елбасымыздың латын әліпбиіне қатысты Жарлығы еліміздегі ең басты оқиғалардың бірі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша отандастарды қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуімен құттықтағанын айта кету керек. Бұл туралы өңір басшысы Астана мен Алматы қаласынан келген белді тарихшы, ғалымдар мен қоғамтанушылар қатысқан басқосуда […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БОКС СПОРТЫН ДАМЫТУДЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАС БАПКЕРІ ҚОЛҒА АЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановты қабылдады. Екеуара әңгімеде Мырзағали Құланұлы өңір басшысына ел құрамасының қазіргі уақытта атқарып отырған жұмысы мен Түркістан облысында бокс спорт түрінің дамуы туралы […]
Пікір қалдыру