Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние екенін айтқан облыс әкімі барша оңтүстікқазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. «Бүгінгі дәстүрлі жалпы қалалық жүгіру марафонына қатысып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген қала тұрғындары мен жастарға алғыс айтамын. Өмірімізге қауіп төндіретін зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Бүгінгі 5 мың адам қатысқан марафон осының айғағы. Осы қалыптан таймай бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, оны кең дәрежеде насихаттайтын болсақ 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткіземіз, ал осы жылы 26 пайызға жетеді деп жоспарлануда»,-деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң, аймақ басшысы жарыстың ең жас және ең ересек қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттады. Жарыста 9 жас ерекшелігі бойынша 32 спортшы жеңімпаз атанып, облыс əкімінің алғыс хатымен жүлделі сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, ерлер арасында 21 шақырым қашықтықта 19 жастағы №39-шы Ғалымжан Жұмабаев мәре сызығын бірінші болып басса, әйелдер арасында ең бірінші болып 225-ші номердегі 34 жастағы Ақмарал Мейірман келіп жетті.Дәстүрлі шара Наурыз алаңындағы концертпен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте короновирус жұқтырғандар саны 1159-ға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте, яғни 14.06.2020 жылғы мәлімет бойынша 313 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14 мың 809. Өткен тәулік ішінде еліміздің 313 […]
Ж.Түймебаев америкалық туристерге шапан мен қамшы сыйлады
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы,рухани астанаға келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады. Сонымен қатар, Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін артқарылып жатқан жұмыстармен таныстырғанын да айта кеткен жөн. «Сіздерді қасиетті қаламыздың […]
Шымкент республикада экономиканың бірнеше саласы бойынша төменгі орында
Республика бойынша бойынша Шымкент қаласында азық-түлік бағасы ең жоғары көтерілген — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 2019 жылдың алғашқы тоқсанында Шымкент қаласы республикамызда бірнеше көрсеткіштер бойынша төменгі орында тұр. Бұл жайлы бүгін Елорда да өткен Үкімет […]
Пікір қалдыру