18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ діни конфессиялардың басшыларымен кездескенін айта кету керек. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.Кездесуде барысында сөз алған өңір басшысы Жансейіт Қанмсейітұлы мерекенің маңыздылығына тоқталып, облысымыздағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі жайлы және қоғамдағы рөлін сөз етті.«1992 жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өткен болатын. Сол конгресте қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау туралы манифест қабылданған-тын. Содан бері жыл сайын біздің елімізде 18 қазан — Рухани келісім күні мерекесі аталып өтілуде. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, коп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отыр», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып […]
ОҚО-да инвесторлар құны 157 млн евро болатын екі күн электр стансасын салады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға ниет білдірген шетелдік Германия мен Голандия елдерінен келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде шетелдік кәсіпкерлердің жобасымен танысқан облыс басшысы аймақтың экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді […]
Жолдау: Ж.Түймебаев бір қатар басқармаларға тапсырма берді
Түркістан облыстының әкімі Ж.Түймебаев, Елбасы жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысын қайта есептеп, қажетті қаржыны анықтау шараларын жүргізуді жүктеп, жергілікті бюджет есебінен білім, денсаулық сақтау, […]
Пікір қалдыру