Ахметжан Пірәліұлы: «Байлық байлық емес, бірлік байлық»

ОҚО әкімі мен діни конфессиялардың басшылары кездесу барысында сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбеков өңіріміздегі діни конфессиялардың ынтымақ-бірлігіне тоқталды.«Қазақта  деген аталы сөз бар. Осы сөздің астарында талай мән-мағына жатыр. Облысымызда 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесі жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтілуде. Елбасымыздың бағыт-бағдарының арқасында түрлі діни конфессия өкілдері тату-тәтті, ынтымақта ымыраласып, ғұмыр кешіп жатқан жағдайы бар»,- деді Ахметжан Пірәліұлы. 

Мұнан соң Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының діни қызметшісі Александр Могилевский мен «Шымкент қаласының еврей қауымы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі  Зелик Мурдухаевтер діни бірлестіктердің қоғам алдындағы жауапкершілігін сөз етті. Кездесу соңында облыс әкімі конфессия басшыларына мерекеге орай алғыс хаттар мен сый-сияпат табыс етті.  Сондай-ақ «Рухани келісім күніне» орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін діни конфессиялар  арасында кіші футболдан  өткен турнирдің жеңімпазы облыстық мешіт ұжымына облыс әкімінің кубогы табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*