Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева және осы ұйымның мүшесі Зоя Сейітбековалар қатысты.Балхия Көмекбаева болашағымыздың инвестициясы саналатын жас ұрпақты тәрбиелеудегі аналардың орны мен рөлі туралы айтып, бүгінгі таңда қазақ қоғамында орын алып жатқан кейбір келеңсіз оқиғаларға тоқталып өтті. Жетімдердің көбеюі қазіргі заманның қасіреті екенін айта келіп жастардың, әсіресе қыз балалардың тәрбиесіне үлкен мән беру керектігін ескертті.Мақтарал аудандық аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова ұйым тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға есеп беріп, мақтаралдық қыз балаларды тәрбиелеуде үлкен жобалар қолға алынғандығын атап өтті. Құрамында әртүрлі мамандары бар жұмысшы топ құрылып, олар бүгінгі күнге дейін жоғары және арнаулы оқу орындарында, мектептерде қыз балаларға семинар-кеңес өтіп, қабылдаулар жүргізген. Сондай-ақ, жастардың арасында құқық бұзушылық пен кіші бұзақылықтың алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан көптеген спорттық, мәдени және рухани іс-шаралар атқарылып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық оқушылар Елордамыздың көрікті жерлерін көріп қайтты
Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне Мақтаарал ауданынан барған оқушылары «Бәйтерек», «ҚР Ұлттық мұражайы», «Думан» ойын-сауық орталықтарына барып, Астана қаласының ең көрікте жерлерін аралады. Балаларын сағынып, оларды құшақ жая қарсы алған ата-аналар аудан әкімі Ғ.Исмаиловқа өз алғыстарын жеткізді. […]
Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарының шаруалары қарбыздарын Ресейге экпорттап жатыр
Сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. […]
Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты […]
Пікір қалдыру